Аналар бас көтерді

  • 🎬 Video
  • ℹ️ Description
UCFeoDh0H6-wwL3tCecDX9wQ

Елордалық көпбалалы аналар бас көтерді. 30-40 шақты ана министрлер үйінің алдына келіп, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайыздық ипотекаға жолдама беруді талап етті. Бұл бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларына, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға және толық емес отбасына жеңілдетілген несие беріледі. Өткен жылы құзырлы орган биыл барлығын қарық қыламыз деп уәде еткенді. Алайда,ағымдағы қазынадан жоспарланған қаражаттың жартысы ғана бөлініп, Нұр-Сұлтанда  жеңілдетілген несиеге жолдама  тек 400 ден аса отбасы ғана берілетін болыпты. Ал мұндай 2600 отбасы бар.  Тегін емес, несиеге баспана ала алмай жүрген  аналар әбден ашынған. Олар парламент пен үкімет үйіне өтуге талпынып, депутаттар мен үкімет мүшелерінің және әкімдіктің шығуын талап етті.


💬 Comments on the video
Author

Жалдамалы времянка деген не сөз мынау тілші сауатсызба жалдамалы шағын пәтер десе болмайма

Author — Insta Kenzhe_makhsotuly

Author

Былтыр екі рет бақытты отбасы бойынша ала алмадым. Айлығым мың теңгеге артық болды деп. Содан биыл наурыздың басында маған одобрение берді. Квартира іздедім. Бірақ төтенше жағдайға байланысты екі айға банк жабылды. Екі айдан соң мамырдың ортасынан тұрғын үй банкі ашылды. Пəтер тауып бəрі ретімен бітті. Бірақ енді бюджетте ақша жоқ деп ақша түспей қойды екі апта болды. Енді пəтер сатқан адам тез ақша түспеді деп алдын ала берген разница ақша күйеді сіз создыңыз дейді. Оның үстіне бас тартса пəтер сатудан онда мен бағалауға төлеген 10 мың теңгем риелторға төлеген 150 мың теңгем сосын нотариус тездету үшін төлеген 8000 теңге күйіп кете ме? Өзім мүгедек баласы бар анамын. Өте қолайсыз жағдайда қалдым. Ақша кешіктірілетінін ескертпеді. Енді екіжақты жағдайда қалдым. Неге ойластыра жасалмады? Неге айтады бірақ бəрі басқаша???

Author — Samsung Samsung