Үкіметке уақыт берілді

  • 🎬 Video
  • ℹ️ Description
Үкіметке уақыт берілді 5
UCFeoDh0H6-wwL3tCecDX9wQ

Ел Президенті қауіпті індетке тойтарыс бере алмаған Үкіметке уақыт берді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырыс өтті. Онда елдегі эпидемиологиялық ахуал, қауіпті індетпен күрестегі кемшіліктер, жаһандық экономикалық дағдарыс мәселелері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен міндеттері қаралды.Бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 54 мың науқастан артты. Бұған қоса өкпенің қабынуына шалдыққан науқастар тым артып отыр. Тоқаев қауіпті індеттің ушығуына жол берген Мамин үкіметі мен әкімдердің жұмысына көңілі толамйтынын айтты. Егер елдегі қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселені қарастырам деді. Ал дәрі-дәрмек тапшылығына жол берген "СҚ-Фармация" басшыларын және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысын қызметтен босатып, тергеу жүргізуді бұйырды. Ел Президенті жиын барысында Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінетінін айтты. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету деді Тоқаев. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.


💬 Comments on the video
Author

Жарайсың, Ел басы. Осылай жасаңыщ, Біз біргеміз 💪🏻🙌🏻✊🏻✊🏻

Author — Жандос Сагындыков

Author

Тек сын сосын орнын ауыстыру жеген ақшаны қайтармау 5 жылға қара жұмысшы қылса бәрі жұмыс жасар еді

Author — Danabek Tolegen

Author

тагыда жеп кояадыго ол аударган акшаныда

Author — Rufat Ganiyev

Author

Короновирус ол казак халкы емес ундеми отыра беретин

Author — Бека Дима

Author

Депутат министрлерді түгел алып тастау керек орнына бір атқарушы деген комитет болса шығын аз болады себебі олардың да туыстары да босап қалады.комитеттегі адамдарды жылда ауыстырып отыру керек бір жылда жетістікке жете алмаған адамды мүлды босату керек

Author — Danabek Tolegen