Екі түлекке көлік сыйланды

  • 🎬 Video
  • ℹ️ Description
Екі түлекке көлік сыйланды 4.5
UCwugzzHKo-DF2UYUJhIZZPg

Ұлттық бірыңғай тест артта қалып, мектеп бітірушілер соңғы кешті кеше облыс әкімдігі алдындағы алаңда өткізді. Оларға арнайы қызыл кілем төселіп, құттықтаулар айтылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова қатысып, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге ақ жол тіледі. Кейін ел мақтаған «Алтын белгі» иегерлеріне сыйлықтар табыс етілді. 159 түлек "Алтын белгі" иеленіп, екі бойжеткен көлік мінді. Мақсот Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Жанар Болатова және "Сымбат" жеке мектебінің оқушысы Айдана Мұрат ұлттық бірыңғай тестте 124 балл жинап, өзгеден озып алға шықты. Сол үшін де оларға облыс әкімі атынан темір тұлпар берілді. Ал 123 балл жинаған екі түлекке планшет сыйға тарту етілді. Айта кетейік, облыс әкімдігі алдындағы алаңға жиналғандардың қуанышын тамашалауға ата-ана түгел жиналды. Олар қоршаудың әр жағында тұрып, алыстан концерт тамашалады. Бұған да риза. Себебі олар әрдайым балаларының тілегін тілейді.

💬 Comments on the video
Author

Буйтiп тулектерге машина сыйлаганша. Жагыдайы жок Уйi жок отбасыларга Ауруына ем табалмай откан отбасыларга ауруын емдеуге жететiн акшалай комек бермейсiндерма.

Author — Рой Джонс

Author

сене бермейм мен озим ент тапсырганда коргем алтын белгилер орнына адам киргизгенин 3 мын долларга керек балын сатып алгандарды

Author — Мария Иванова

Author

Кутты болсын курметти алтын белги иелери!!! Алга койган максаттарына жете бериндер!

Author — TopVines

Author

Машинаны отан коргагандай берип тургой теги алдымен халкына енбек синирмейма

Author — Жанар Оразалиева

Author

Облыс акими малма не тулектерге тулпар бергенше қаншама үйсіз күйсіз су таскынынан зардап жеккен адамдарга, жумыссыз жүрген халыққа, жағдайы жох отбасына көмек теспима, аким болганынан не пайда, қарныңды сипап, ақшаны қалтаға басып, тойынып боп тышып отсан дамбалына 😠😠😠😠

Author — Анарбек Есенбаев

Author

жарайсындар ини карындастарым. жолдарын болсын алла бакытты етсин

Author — Абылай Кулманов

Author

бул биз берип жаткан налог ягни казынадан болинип берип жаткан биз бен сиздердин акшаларыныз дурыс жумсалганын калаймын менде

Author — Мария Иванова

Author

мыналарын артык ашинде коп балалы аналарга уи берилсин ен болмаса жер берлсе деп комек сурараганда тусандар оздерин ушин тудындар деп жауап бергендер калаи машина сыилап калды шынымен комектескилерин келсе коп балалы жагдаиы жок отбасыларга неге комектеспеиди уиге шамаларын келмесе 5соти жер берсендерде риза едигои окушыга машине аперип не керек

Author — Бабахан Сулейманов

Author

Ей аким сымак сенин алдына каншама коп балалы аналар жардем сурап барганын бир гана Алла біледі. Соларга берсен сауап көөп алар едін. Мундай мақтаныштын не керегі бар. Жумысынды дурыстап аткарсай.

Author — жулдыз тасыбекова

Author

жарайсыңдар оқысаң озасың оқымасаң охраник боласың

Author — Тимур Елхан

Author

Маскара ай маскара машина бердиндер енди Казакстаннын енбек синирген окушысы деген атакта бере салындарсайшы Согыска барып отан коргаган аталарымыз сендердин шандарына илесе алмай калды. 😂😂😂Надан басшылар жарайсындар келеси жылы самолет бериндер Тулектерге молодец аким 😂😂😂

Author — Жанар Акмурзина

Author

Оздерын алмаганнан кейын айта бермесен дерш.
Сендерде осылай окуларын керек еды.

Author — нурлыбек сапак

Author

менің танысым құсап алдын ала ақша беріп сатып алдың ба?

Author — Saltanat Abdibekova

Author

Менин апам 137 балл жинады. Аллаһ. Шын айтам. Оған неге бермеді. Олда мед университетіне түсті😯

Author — Гулшат Дузбаева

Author

Мə қуады жаман ұялып тұрмын .көлік берді қосып квартира орден бəленбай миллион ақша берсін

Author — Кайрат Сыдыков

Author

жарайсың дар еңбектерінің жемісі.Əуелі алла одан кейін устаздары.бос сөзге кулактарды аспай ТЕК АЛҒА👏

Author — Marjan Dayrabaeva

Author

барлык акимдер осылаи жұмыс истеп журсе тамаша болар еди ақтөбелик аким жараисын

Author — Erlan Sarbarov

Author

менде тусинбейм бул тек кишигирим жетистикко улкен профессор мугалим доценттерге тагы баска казакастанга енбеги синип жаткан азаматтарга берилипте жаткан жоккой

Author — Мария Иванова

Author

Мектептерде бор, еден жуатын тряпка, ак кагаз, бояу т.с.жок булар колик сыйлайды....

Author — Salamon Kein

Author

124 балга машина, 123 балга планшет😂😂😂😂разница коп емес екен

Author — Erik Dayletjan